«XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты біліктілікті арттыру курсы өтті.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 2023 жылғы наурыздың 28-29 күндері музей мамандарына арналған «XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты біліктілікті арттыру курсы өтті. ҚР Ұлттық музейінің мамандары ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсына ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетіне қарасты Абай музей-қорығының мамандары мен Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Семей қаласының облыстық тарихи...