admin2025-03-26T11:02:31+06:00Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи - мәдени және әдеби - мемориалдық музей - қорығында абайтанушы, ұлағатты ұстаз, музей ардагері, шежіреші Бекен Исабайұлының 95 жылдығына арналған «Абайтанудың абызы» атты еске алу кеші және көрмесінің ашылуы өтті.
Әдеби кешті Абай музей - қорығының директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, «Алаш арыстары - М.Әуезов» музейінің бөлім меңгерушісі Қ.Қиықбай жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Абай ауданының Қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Аманғазин, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты М.Кәрімов,...