Жаңалықтар

М. Беляевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өңір тынысы» атты сурет көрмесі

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында белгілі суретші, график, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Михаил Михайлович Беляевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өңір тынысы» атты көрме ашылды.
Көрменің мақсаты – суретшінің бай шығармашылық мұрасын насихаттау, туған өлке табиғатын, Семей қаласының тарихи келбетін және аймақтың рухани тынысын бейнелеген туындылары арқылы көрерменге өнердің мәңгілік құндылығын жеткізу.
Экспозицияға суретшінің әр жылдарда салған кескіндеме және графикалық жұмыстары енгізілді. Олардың қатарында «Абай музейі», «Ескі Семей», «Абай. Жыл мезгілдері», «Жаңбырдан кейін», «Дорога на Восточный», «Қарауыл төбе» сынды туындылар бар. Бұл шығармаларда суретші туған өлкенің табиғаты мен Семейдің көшелерін ерекше нәзіктікпен бейнелеп, аймақтың бояуы мен рухын көркем тілмен суреттейді.
«Өңір тынысы» көрмесі көрерменге суретшінің өмір мен өнерге деген сүйіспеншілігін, туған жерге деген адалдығын және табиғаттың мәңгілік сұлулығын сезінуге мүмкіндік береді.


Жаңалықпен бөлісіңіз