Жаңалықтар

Композитордың 125 жылдығына арналған «Асылдың сынығы» көрмесінің ашылуы өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында композитор, ұстаз, шежіреші Ахат Шәкәрімұлының 125 жылдығына арналған «Асылдың сынығы» көрмесі, ҚР ҰҒА-ның академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мақаш Әлиакпардың «Әке жолы. Перзент парызы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шара барысында Абай облысы әкімінің кеңесшісі, ақын Е.Алшынбай алғы сөз сөйлеп, ел атынан суретшінің иығына шапан жауып сый-құрмет көрсетті. Абай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Алин өз сөзінде шараның маңыздылығына тоқталды. Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев суретші М.Әлиакпарға Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арнайы шыққан кітапты сыйға тарту етті.

Шарада ҚР Мәдениет саласының үздігі, Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының әртісі А.Нұрғамысов, Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның дәстүрлі әншісі Б.Түктібаев Шәкәрімнің әндерін орындады.

Көрмеге Ахат Шәкәрімұлының жеке заттары: сырт киімі, жейдесі, чемоданы, қолжазбалары, естеліктері, фотосуреттері, кітаптары көрермен назарына ұсынылып қойылды.

Шараға Абай облысы, Семей қаласының зиялы қауым өкілдері мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, студенттер қатысты.

Жаңалықпен бөлісіңіз