Кәмен Оразалиннің 105 жылдығына арналған «Абай өнегесін үлгі еткен қаламгер» атты көрме
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 18 мамыр күні халықаралық музейлер күніне орай жазушы, ұлағатты ұстаз, соғыс ардагері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, Абай ауданының құрметті азаматы Кәмен Оразалиннің 105 жылдығына арналған «Абай өнегесін үлгі еткен қаламгер» атты көрме ашылды.
Көрмеде М.Әуезовтің Кәмен Оразалинға жазған хатының түпнұсқасы, жазушының жеке заттары (сағаты, қаламы), «Абай ұрпақтары» журналы, шәкірті Бейбіт Сапаралының сыйлығы, ұстаздық қызметіндегі сабақ жоспарлары, қолжазбалары, кітаптары, марапаттары және фотосуреттері қойылды.
Іс-шараға Абай облысы, Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, жазушының ұрпақтары, музей қонақтары, студенттер мен оқушылар қатысты.





