Әуезов әлемі бейнелеу өнерінде
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығында 28 қыркүйек кемеңгер жазушы М.Әуезовтың туған күніне орай «Әуезов әлемі бейнелеу өнерінде» тақырыбында музей қорынан көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Әуезов шығармашылығы арқау болған суретшілердің туындылары қойылды. Олардың қатарында Г.Исмаилованың «М.Әуезов» портреті, И.Исабаевтың «М.Әуезов. Абай жолы», М.Калимовтың «Мұхтар», А.Каухаровтың «Әуезов алаңы», Е.Мурумбаевтың «Көксерек», А.Бухарбаевтың «М.Әуезов сериясынан», Г.Бекбердинованың «Жас Мұхтар», М.Қисамединовтың «Мұхтар Әуезов» графикалық жұмысы, жергілікті суретшілер Ғ.Макаров, Н.Өтепбаев, Т.Байғалиевтің жұмыстары бар.
Көрмені музей қонақтары мен «Мұхтар мұрасы-халық қазынасы» сайысының қатысушылары тамашалады.