Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әбеби-мемориалдық музей-қорығында 6 шілде Астана күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2006 жылдан бастап 6 шілде Елорда күні ретінде атап өтілуде. Бүгінгі Астана қаласы — тәуелсіз Қазақстанның Елордасы, Отанымыздың жүрегі. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана — бұл болашаққа бет бұрған жарқын қала. Әр елдің астанасы — сол елдің төл құжаты. Кітап көрмесіне: «Астана» энциклопедиясы, «Еуразия жүрегінде», «Менің елім Қазақстан» және т.б астанаға қатысты өлеңдер мен фотосуреттер қойылды.