«Абай жолы – адамдық жолы»
Абай музейінің бөлімі Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музей-үйінің ұйымдастырумен Семей қаласының №31 жалпы орта білім беретін мектебінде «Абай жолы – адамдық жолы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Дәрісте Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музей-үйінің меңгерушісі Шағжан Исабаев Абай, Шәкәрім, Мұхтарға қатысты тарихи мекендер туралы тың мағлұматтар берді. Аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раушан Ахметжанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самал Оралханқызы мәдени шара үшін зор алғысын білдірді. Өз кезегінде оқушылар сауалдарын қойып, Абай айналасына қатысты тағы да басқа деректерге қанықты.