«Абай шаңырағындағы әз Наурыз» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне орай «Абай шаңырағындағы әз Наурыз» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары кеңінен дәріптеліп, Наурыз мейрамының мазмұны мен маңызы тереңінен таныстырылды. Іс-шара аясында «Жайық келіп Ертіске қосылғанда» атты республикалық айтысқа қатысушы ақындардың қатысуымен ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, Жүрсін Ерман бастаған ақындар музей экспозициясымен танысты.
Мерекелік бағдарлама ел бірлігі мен татулығын насихаттауға бағытталды. Сахна төрінде түрлі этномәдени бірлестіктер өнер көрсетіп, казак және орыс мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдары ән мен биден шашу шашты. Сонымен қатар, келушілерге қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылып, ұлттық ойындар – тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс және қол күрес ұйымдастырылды.
Қонақтар үшін танымдық викториналар мен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары өткізілді. Мерекелік кеште қазақтың төл өнері – айтыс жалғасын тауып, жас ақындар өзара сөз сайысына түсті.
Шараға Абай облысы, Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.
В государственном историко-культурном и литературно-мемориальном музее-заповеднике Абая «Жидебай-Бөрілі» в честь праздника Великого дня – Наурыз было организовано масштабное праздничное мероприятие «Абай шаңырағындағы әз Наурыз».














