Абай музейінде балдырғандарға арналған байқау өтті
АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ БАЛДЫРҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН
БАЙҚАУ ӨТТІ
28 сәуір сағат 10.00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы және Семей қаласының Білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында «Әсемпаз болма әрнеге…» дәстүрлі түрде алтыншы байқауы өткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер: І-орынды «Тұлпар» балалар шағын-орталығы – Әділбек Әмина Бауыржанқызы, ІІ-орынды №4 «Айналайын» шағын-орталығы – Тілеуғали Кәусар, №8 «Балбөбек» бөбекжайы – Шалқар Амина және №12 «Ажар» бөбекжайы – Болатбекова Раяна, ІІІ-орынды «№3 бөбекжайы» – Анискин Владислав, «Алтын бесік» бөбекжайы – Тоқтаев Қайсар Серікұлы, «№15 балабақша» – Сериков Мирас иеленді.
Байқаудың қазылар алқасы құрамында Абай музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызы, «№14 мектеп-бақша» қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каиржанова Гульмира Тоқтамысқызы, Абайдың мемлекеттік музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Бейсембинова Гүлназ Талғатқызы болды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.