Жаңалықтар

«Әсет мұрасы-халық қазынасы»

Келдімұрат жұртшылығы мен А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушыларына «Әсет мұрасы-халық қазынасы» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Музей қызметкерлері көрме барысында ақынның есімін ұлықтап, мұрасын жас ұрпақ назарына ұсынды. Әсет ақынның бойына дарыған қасиеттері мен айтыс-қиссалары, ән-жырларының  шығу тарихы баяндалды. Ақын мұрасына қызығушылық танытқан келушілерге көрме соңында квест ойыны ойнатылды.

«Абайдың ұшып түскен ұшқынымын»

1 наурыз күні Кәмен Оразалиннің музей-үйінде – халық ақыны, батагөй-абыз Шәкір Әбенұлының туған күніне арналған «Абайдың ұшып түскен ұшқынымын» атты әдеби-танымдық шара өтті. Аталған шараға  құрметті қонақ, ақынның ұрпағы, асылдың тұяғы, ардагер ұстаз Сана Шәкірқызы шақырылды. Сонымен қатар шараға ҚР «Мәдениет қайраткері», «Абай ауданының құрметі азаматы» С.Нұрпейісов, Ш.Әбенов музей-үйінің меңгерушісі Ж.Алимбекова және музей қызметкері Л.Тілегенова, Қарауыл гимназиясының 6 сынып оқушылары, жетекшісі...

«Абай жолы – адамдық жолы»

Абай музейінің бөлімі Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музей-үйінің ұйымдастырумен Семей қаласының №31 жалпы орта білім беретін мектебінде «Абай жолы – адамдық жолы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Дәрісте Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музей-үйінің меңгерушісі Шағжан Исабаев Абай, Шәкәрім, Мұхтарға қатысты тарихи мекендер туралы тың мағлұматтар берді. Аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раушан Ахметжанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самал Оралханқызы...

Музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру дәрісі өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының басшылығы музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды басты назарда ұстайды. Музейдің ғылыми қызметкері өз қызметін нәтижелі атқару үшін, кәсіби дамуы үшін заман талабына сай білімін көтеруі және музейге келген жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету де маңызды. Музейде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстар барысында «Академиялық жазба» тақырыбы өзекті болғандықтан, музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Шәкәрім университетімен өзара шығармашылық ынтымақтастық...

«Шыңғыстаудың бір шыңы» көрмесі ашылды

Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығында ақын, сазгер Шәкір Әбенұлына арналған «Шыңғыстаудың бір шыңы» көрмесі ашылды. Көрменің ашылуында Абай музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева алғы сөзімен ашып, Шәкәрім университетінің ф.ғ.к, профессор А.Қадыров ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, М.Дүйсенбай, С.Шәкірқызы, З.Кәменқызы, О. Шәріпбаев, Ш.Әбенұлына қатысты ойларын ортаға салды. Көрмеге Ш.Әбенұлының өмір жолын, шығармашылығын баяндайтын музей қорындағы түпнұсқа қолжазбалары, ақынның...

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы бастау алды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған шаралардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ - Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек. Осыған орай Абай музейінде мерейтойлардың бастауы ретінде мәдени-танымдық салтанатты шара «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы...

«Шәкәрім даналығы» аймақтық білім сайысы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 28 қаңтар күні қазақ әдебиетінің кемеңгер ақыны, Абайдың ақындық мектебінің талантты шәкірті әрі немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім даналығы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған «Шәкәрім даналығы» білім сайысының мақсаты Шәкәрім ақынның өмірін, оның әдеби мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау. Сайыс қорытындысы бойынша: І-орын Берікқанқызы Әдемі №12 мектеп ІІ-орын Дулатова Махфузе № 47 мектеп ІІ-орын...

Ұлттық сарын астасқан көрме

Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Нағымбек Нұрмұхамедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің «Наурыз нақыштары» көрмесі ашылды. Бұл шара суретші Нағымбек Нұрмұхамедовтың 100 жылдық мерейтойы аясында арнайы ұйымдастырылып отырған дүние. Шарада сөз алған Ұлан Болатұлы басқосудың маңыздылығына тоқталып, Павлодар қаласынан келген музей мамандарына Абай музейінің ұжымы атынан алғыс хат табыс етіп, музейдің баспа өнімдерін сыйға тартты. Көрмеде Ө.Шоранов, Ә.Игембаев, В.Поликарпов, А.Аткина, Р.Стыбаев және...

«Алашқа даңқы шыққан Ер Құнанбай» көрмесі

Құнанбай Өскенбайұлына 220 жыл  Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы бұрынғы Семей облысы Шыңғыстаудың бауыр жағына құлай ағатын «Хан өзені» деген өзеннің жағасында ақпанның қақаған аязды күнінде туыпты. Әкесі Өскенбай Тобықты руының биі болған, әділдігімен танылған адам. Ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы – Қазақстан тарихындағы із қалдырған тарихи тұлға, би, қоғам қайраткері болған адам. Қазақ шежіресінде Құнанбай бидің арғы ата-бабалары былайша таратылады: Арғын –...