Жаңалықтар

Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» шарасында пазл жинаудан сайыс өтті.

Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығында 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» шарасында пазл жинаудан сайыс өтті. Сайысқа қатысқан «Шәкәрім университеті» студенттері және Семей қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқушылары музей алаңында пазлдан Абай бейнесін құрастырды. Сайысқа қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Музей түні» шарасы аясында жастар алаңында «Білімдіден шыққан сөз» атты квиз ойыны өтті.

Абайдың Жидебай - Бөрілі мемлекеттік музей-қорығында «Музей түні» шарасы аясында жастар алаңында «Білімдіден шыққан сөз» атты квиз ойыны өтті. Ойынға студенттерден құралған 4 команда қатысты. Командалар әртүрлі бағыттағы үш кезеңнің сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар мен жеңімпаздарға «Елімай» футбол клубының ойынына билеттер табысталды. 

Баспасөз баяны

18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекетті музей-қорығында «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында мәдени-көпшілік шарасы өтеді. (далее…)

«Отты күндер ер есінде, жеңіс күні ел есінде» тақырыбында аудандық тыл ардагерлерінің қатысуымен мәдени шара ұйымдастырылды

Ұлы Жеңіске 80 жыл. Әсет музейінде осы орайда «Отты күндер ер есінде, жеңіс күні ел есінде» тақырыбында аудандық тыл ардагерлерінің қатысуымен мәдени шара ұйымдастырылды. Шарада ардагерлер құрметіне оқушылар тарапынан өлең оқылып, ән айтылды. Шара барысында ардагерлер соғыс жылдарында басынан өткерген қилы оқиғалары мен есінде қалған сырлы тарихи естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар «Музейдегі жауынгер» тақырыбында Әсет ақынның ұрпағы Қожекеге тиесілі жеке заттарынан көрме...

Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» Мәдени танымдық шара

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты мәдени танымдық шара ұйымдастырды. Кеш тақырыбының өзегі – Ұлы Отан соғысына қатысқан Абай Құнанбайұлының ұрпақтары. (далее…)

«Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол…»

Бүгін музейімізде Әсет ақынның есімі балабақша бүлдіршіндері арасында ұлықталды. Аудандық балабақша бүлдіршіндеріне арналған «Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол...» тақырыбында Әсет оқуларының сайысы өтті. (далее…)

Ұлылар мұрасына адалдық

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, музей ардагері Жүнісова Майкен Қазбекқызының туғанына 75 жыл толуына орай еске алу кешін ұйымдастырды. (далее…)

ІХ «Әсемпаз болма әрнеге…» Бүлдіршіндерге арналған байқау өтті

25 сәуір күні Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Семей қаласының білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Әсемпаз болма әрнеге...» байқауы дәстүрлі түрде тоғызыншы рет өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер: І - орынды «Erudit kids» балабақшасы – Ешмұхамет Шахислам, ІІ - орынды «Айым» бала бақша-бөбек жайы» – Қымбатқызы Айсана, «Ертөстік» бөбекжайы – Болатқан Мүслім. ІІІ - орынды Аманжолұлы...

ХV «Абайды оқы, таңырқа…» Білім сайысы өткізілді

2025 жылдың 18 сәуір күні Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім сайысы Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығының директоры...

«Абайдың «Толық адам» концепциясы мектеп бағдарламасында» ғылыми — тәжірибелік семинар

Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абайдың «Толық адам» концепциясы мектеп бағдарламасында» атты ғылыми - тәжірибелік семинар ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты: - «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру; - Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру; - Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу; -...