«АБАЙҒА АДАЛДЫҚ: ӘРХАМ КӘКІТАЙҰЛЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ
Биылғы жыл Абай музейінің ашылғанына 85 жыл. Осыған орай музейде қызмет еткен тұлғалар еңбегін ұлықтау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 17 қазан күні абайтанушы, жазушы Әрхам Кәкітайұлының 140 жылдығына арналған «Абайға адалдық: Әрхам Кәкітайұлы» атты әдеби кеш өтті. Әрхам Кәкітайұлының өмір жолы Абай музейімен тығыз байланысты. Абай музейінің ірге тасын қаласып, шаңырағын көтеру ісінде Әрхам Кәкітайұлы...





