Алғашқы Алаш баспасына 115 жыл
"Жәрдем" баспасына 115 жыл
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған ақын, жазушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай арнайы оқу орындары оқытушылары арасында «Алаштың алдаспаны» интеллектуалдық квизі өтті. Әдеби-танымдық байқау 1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері өткен ІІ жалпықазақ сьезінің маңызы мен мәнін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақ даласын дүр сілкіндірген бұл...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, ақын, жазушы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақтың рухын оятқан тұлға» атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Міржақып Дулатов 1885 жылы 21 қарашада Торғай облысында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылса да, білім алып, ауыл мұғалімі атанды. Ол Ахмет Байтұрсынов сабақ берген қазақ-орыс училищесінде оқыды. Саяси қызметін 1905...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы демеушілігімен Жидебай қорығына арнайы техника табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Шара аясында Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясына ұлы ақын музейіне көрсетілген демеушілікке үлкен алғыс білдіріп, корпорация өкілі А.Бурмистровты «Абай» медалімен марапаттап, сый көрсетті. Және осы демеушілік көмектің Абай облысының прокуратурасының үйлестіруімен жүзеге асқанын атап айтты. Сонымен қатар ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор...
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы – халық даналығы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шара Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Көрмеге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен арнайы меймандар қатысты, олардың арасында Абайдың алыс тумасы, Ләйлә Баймағамбетова Мухлисқызы да бар. Көрме Абай Құнанбайұлының өмірі...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Бір шаңырақ астында» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамасынан алынған жәдігерлерге негізделген. Көрмеге XIX-XX ғасырлардың соңында жасалған күнделікті және мерекелік 15 халықтық киім ұсынылды Келушілер қазақ, ұйғыр, орыс, беларусь, корей, түркімен және басқа да ұлттар киімдерінің сирек кездесетін ерекшеліктерін көріп, олардың қалыптасу және қолданылу тарихымен танысты. Қонақтардың...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи - мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ғылыми кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімі «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» музейінде Абай облысы «Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қызмет алушыларына арналған танымдық экскурсия өткізілді. Танымдық шарада музей меңгерушісі Қ.Қиықбай тарихи тұлғалардың ізі қалған мекен мен Алаш қайраткерлеріне қатысты мағлұмат ұсынды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында белгілі суретші, график, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Михаил Михайлович Беляевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өңір тынысы» атты көрме ашылды. Көрменің мақсаты – суретшінің бай шығармашылық мұрасын насихаттау, туған өлке табиғатын, Семей қаласының тарихи келбетін және аймақтың рухани тынысын бейнелеген туындылары арқылы көрерменге өнердің мәңгілік құндылығын жеткізу. Экспозицияға суретшінің әр жылдарда салған кескіндеме және графикалық жұмыстары енгізілді. Олардың...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мерекеке. 25 қазан ұлттық мереке Республика күні деп белгіленді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор» - деген еді. Ұйымдастырылған кітап көрмесіне Қазақстанның қалыптасуы...