Жаңалықтар

«Шаңыраққа тағзым»  атты көрменің ашылуы

«ШАҢЫРАҚҚА ТАҒЗЫМ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 24 қазан суретші, кескіндемеші, ұстаз, педагог-зерттеуші Қабылбеков Ақылбек Қабенұлы мен кескіндемеші мүсінші Мұхамеди Қоңыр Әбділдәұлының «Шаңыраққа тағзым»  атты көрмесінің ашылуы өтті. Көрмені Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, Шәкәрім атындағы Өнер кафедрасының профессоры М.Мырзаханов, Өнер кафедрасының меңгерушісі Р.Берікбол, Абай облысы, Семей қаласының суретшілер одағының төрағасы Т.Жұбанышев,...

«Ерікті елім – Қазақстаным!» білім сайысы

«ЕРІКТІ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!»  БІЛІМ САЙЫСЫ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық мереке Республика күніне орай колледж студенттері арасында «Ерікті елім – Қазақстаным!» атты білім сайысы өтті. Байқауға қала бойынша 11 колледжден 11 қатысушы қатысты. Байқау: «Тарихым тұғырым», «Тілім – діңгегім», «Адамзаттың Абайы» атты үш кезеңнен тұрды. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Р.Байсейітов атындағы Семей...

Музей ардагерлерімен кездесу

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 16 қазан - Абай музейінің құрылған күніне орай музей ардагерлерімен және Семей қаласы зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізілді. Отырыс барысында музейі ісін дамытуға бағытталған бастамалар талқыланды. Молдабек Жанболатұлы, Зейнолла Тоқаев, Арап Еспенбетов, Құсмілия Нұрқасым, Амантай Исин, Серік Малаев сынды білім мен ғылым, мәдениет пен өнер саласындағы қайраткерлер мен ардақты ақсақалдар Абай мұрасын насихаттау, Абай музейін дамыту бойынша...

Абай музейі және Мұздыбай Бейсенбайұлының мұрасы

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 16 қазан - Абай музейінің құрылған күніне орай және абайтанушы, зерттеуші Мұздыбай Бейсенбайұлының 95 жылдығы аясында «Абай музейі және Мұздыбай Бейсенбаев» тақырыбындағы көрмесі ашылды. Көрменің ашылуында сөз алған музей диреторы Ұ.Сағадиев, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетов, Абай музейінің ардагері М.Мұхамедова Мұздыбай Бейсенбаевтың әдебиет зерттеушісі, абайтанушы ретінде Абай мұрасын жинақтап, оны зерттеу...

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған «Ұлылар мекені» атты жылжымалы көрмесі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында этноауыл қалашығында Абай облысының көрме-үйінде Абай музейінің «Ұлылар мекені» атты жылжымалы көрмесі ұсынылды. Көрме барысында еліміздің түпкір-түпкірінен және шетелден келген қонақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттар берілді. Көрмеге музей қорынан Абай, Шәкәрім, М.Әуезовке қатысты 40-қа жуық жәдігерлер қойылып ел назарына ұсынылды. Қазақстанның әр аймағынан және алыс-жақын шет елден келген көрермендер көрме жұмысына зор қызығушылық білдірді. Соның ішінде ерекше...

Абай мұрасы — әлем назарында

1-4 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұйымдастыруымен «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты ІІ Архившілер конгресі өткізілді. Архившілер конгресі аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мелекеттік музей-қорғының ұсынысымен хакім Абайдың 1896 жылы баласы Мағауияға жазған хатын ЮНЕСКО көлемінде «Әлем жады» бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес халықаралық мұралар тізіміне енгізу мәселесі талқыланды. Аталған тарихи хаттың түпнұсқасы 1997 жылы Абай музейінің қорынан табылғаны, хатты...

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» аймақтық білім сайысы өтті

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» аймақтық білім сайысы өтті     Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 27 қыркүйек қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең...

«Қазақтың Қанышына — 125 жыл»

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қазақ тарихында елеулі із қалдырған көрнекті тарихи тұлға, геолог, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, академик, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай «Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің» ұйымдастыруымен «Қазақтың Қанышына - 125 жыл» атты көрмесі ашылды. «Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі» ел тәуелсіздігімен үндесіп, құнды жәдігерлермен танылған руханият...

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған «Ұлылар мекені» атты жылжымалы көрмесі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған «Ұлылар мекені» атты жылжымалы көрмесі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында этноауыл қалашығында Абай облысының көрме-үйінде Абай музейінің «Ұлылар мекені» атты жылжымалы көрмесі ұсынылды. Көрме барысында еліміздің түпкір-түпкірінен және шетелден келген қонақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттар берілді. Көрмеге музей қорынан Абай, Шәкәрім, М.Әуезовке қатысты 40-қа жуық жәдігерлер қойылып ел назарына ұсынылды. Қазақстанның әр аймағынан және алыс-жақын шет елден келген...

«Абай жазған Қарамола Жарғысы»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы» күніне орай «Абай жазған Қарамола Жарғысы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысының мақсаты - А.Құнанбайұлының 1885 жылы Қарамола съезінде Семей облысының бес болысының билерінің қатысуымен жазып, қабылданған ережені насихаттау, қазақ мемлекеттігінің қалыптасу кезеңдерінде қабылданған заң нормаларының тарихи маңызы жөнінде пікір алмасу. Шараны музей директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, директордың ғылыми жұмыстар...