Баспасөз баяны
18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекетті музей-қорығында «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында мәдени-көпшілік шарасы өтеді. (далее…)
18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекетті музей-қорығында «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында мәдени-көпшілік шарасы өтеді. (далее…)
Ұлы Жеңіске 80 жыл. Әсет музейінде осы орайда «Отты күндер ер есінде, жеңіс күні ел есінде» тақырыбында аудандық тыл ардагерлерінің қатысуымен мәдени шара ұйымдастырылды. Шарада ардагерлер құрметіне оқушылар тарапынан өлең оқылып, ән айтылды. Шара барысында ардагерлер соғыс жылдарында басынан өткерген қилы оқиғалары мен есінде қалған сырлы тарихи естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар «Музейдегі жауынгер» тақырыбында Әсет ақынның ұрпағы Қожекеге тиесілі жеке заттарынан көрме...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты мәдени танымдық шара ұйымдастырды. Кеш тақырыбының өзегі – Ұлы Отан соғысына қатысқан Абай Құнанбайұлының ұрпақтары. (далее…)
Бүгін музейімізде Әсет ақынның есімі балабақша бүлдіршіндері арасында ұлықталды. Аудандық балабақша бүлдіршіндеріне арналған «Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол...» тақырыбында Әсет оқуларының сайысы өтті. (далее…)
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, музей ардагері Жүнісова Майкен Қазбекқызының туғанына 75 жыл толуына орай еске алу кешін ұйымдастырды. (далее…)
25 сәуір күні Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Семей қаласының білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Әсемпаз болма әрнеге...» байқауы дәстүрлі түрде тоғызыншы рет өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер: І - орынды «Erudit kids» балабақшасы – Ешмұхамет Шахислам, ІІ - орынды «Айым» бала бақша-бөбек жайы» – Қымбатқызы Айсана, «Ертөстік» бөбекжайы – Болатқан Мүслім. ІІІ - орынды Аманжолұлы...
2025 жылдың 18 сәуір күні Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім сайысы Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығының директоры...
Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абайдың «Толық адам» концепциясы мектеп бағдарламасында» атты ғылыми - тәжірибелік семинар ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты: - «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру; - Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру; - Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу; -...
Ұлттық ойындар - халықтың бай мұрасы, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлеріміздің маңызды бір бөлігі. Олар жастардың денсаулығын нығайтып, ұлттық бірегейлікті сақтауға көмектеседі. Осыған орай, Абай музей - қорығында балалардың білім мен тәрбиесіне, сондай - ақ ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған «Әсемпаз болма әрнеге...» атты бүлдіршіндер алаңында ұйымдастырылды. Шараға Семей қалалық білім бөліміне қарасты № 1 «Арман» бөбекжайының бүлдіршіндері «Ханталапай»,...
Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи - мәдени және әдеби - мемориалдық музей - қорығында абайтанушы, ұлағатты ұстаз, музей ардагері, шежіреші Бекен Исабайұлының 95 жылдығына арналған «Абайтанудың абызы» атты еске алу кеші және көрмесінің ашылуы өтті. Әдеби кешті Абай музей - қорығының директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, «Алаш арыстары - М.Әуезов» музейінің бөлім меңгерушісі Қ.Қиықбай жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Абай ауданының Қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Аманғазин, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты М.Кәрімов,...