Хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Адамзаттың бәрін сүй…» атты әдеби квест өткізді.
Хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы бірлесіп мәдениет және өнер қызметкерлері арасында дәстүрлі ІV «Адамзаттың бәрін сүй...» атты әдеби квест өткізді. Әдеби квестке мәдениет және өнер қызметкерлерінен құралған 4 топ қатысып, ақын Абай Құнанбайұлының және ақындық мектебінің өмірі мен шығармашылығы, Абай музей-қорығының тарихы...