Yearly Archives - 2020

«Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткіш ашылды

Семей қаласына жұмыс сапарымен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев музей аумағындағы «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішін ашты. Ақынның фотосуреті негізінде бой көтерген ескеркіштің авторы – ұлдарының ұлы әкесіне деген ерекше махаббаты мен шексіз мақтаныш сезімін бейнелеуді мақсат еткен, мүсінші Нұрбол Қалиев. Қоладан тұрғызылған ескерткіштің биіктігі – 5 метр. Композиция данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ашылды. Ескерткіште Абай ұлдары Ақылбаймен және...

Мемлекет басшысы абай музейінің жаңа экспозициясын ашты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 15 қазан күні Абай музейінің жаңа экспозициясын ашты. Ел Президентімен бірге ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова ақынның өмірі мен шығармашылығына арналып, заманауи үлгіде жаңартылған музей эскпозициясымен танысты. – Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол – қазақтың жан-дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға. Оның өлеңдері мен...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебайда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебайға арнайы келіп, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның музей-үйінде атқарылған жұмыстармен танысты. Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, мемориалдық кешен мен ақынның музей-үйіне естелікке кітаптар сыйлады. Сондай-ақ, қайта жаңғыртудан өткен «Сапар орталығын» аралап көріп, зияратшыларға қызмет көрсету орнының жұмысын да жоғары бағалады. Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы ойшылдың музейі заман талабына сай өзгеріп,...