«Алдымда ақын Абай темірқазық» атты шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 2025 жылдың 9 тамыз күні 14.30-да Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы: Руханият, Парасат, Таным» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында абайтану ғылымының асқан білгірі, көрнекті ғалым, дарынды ақын әрі талантты драматург Қайым Мұхамедхановтың «Алдымда ақын Абай темірқазық» атты шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді. Аталған жинақ «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығының» бастамасымен жарық көріп отыр. Кітап ақындық...