«Отты күндер ер есінде, жеңіс күні ел есінде» тақырыбында аудандық тыл ардагерлерінің қатысуымен мәдени шара ұйымдастырылды
Ұлы Жеңіске 80 жыл. Әсет музейінде осы орайда «Отты күндер ер есінде, жеңіс күні ел есінде» тақырыбында аудандық тыл ардагерлерінің қатысуымен мәдени шара ұйымдастырылды. Шарада ардагерлер құрметіне оқушылар тарапынан өлең оқылып, ән айтылды. Шара барысында ардагерлер соғыс жылдарында басынан өткерген қилы оқиғалары мен есінде қалған сырлы тарихи естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар «Музейдегі жауынгер» тақырыбында Әсет ақынның ұрпағы Қожекеге тиесілі жеке заттарынан көрме...