Жаңалықтар

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар — халықтың бай мұрасы, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлеріміздің маңызды бір бөлігі. Олар жастардың денсаулығын нығайтып, ұлттық бірегейлікті сақтауға көмектеседі. Осыған орай, Абай музей — қорығында балалардың білім мен тәрбиесіне, сондай — ақ ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған «Әсемпаз болма әрнеге…» атты бүлдіршіндер алаңында ұйымдастырылды. Шараға Семей қалалық білім бөліміне қарасты № 1 «Арман» бөбекжайының бүлдіршіндері «Ханталапай», «Көкпар», «Тартыспақ», «Бестемше» үстел үсті ойындары алаңында бақ сынасып, өздерінің ептіліктерін, күштерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды.

Жаңалықпен бөлісіңіз