Жаңалықтар

«Түрлі — түсті сәттер» атты

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Түрлі-түсті сәттер» атты «Балалар мен
жастар шығармашылығы сарайы» КМҚК 2-ші корпусының бейнелеу өнері студиясы тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Көрмеде студия тәрбиеленушілері түрлі техникада орындаған 70-ке жуық кескіндеме және графикалық жұмыстар ұсынылған. Балалар өз жұмыстарында өмірдің жарқын сәттерінің әсемдігі мен сұлулығын ашты. Көрмеге 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қатысты. Көрменің ашылу салтанатында музейдің бас редакторы Елекенова Раушан құттықтау сөз сөйлеп, одан әрі қарай студия жетекшісі Полина
Владимировна балаларды керемет күнмен, көрменің ашылу сәтімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Көрмеге қатысушы жас дарындарға грамоталар табысталды.Одан кейін жас дарындарға және олардың ата-аналарына грамоталар табысталды. Қонақтарға жас дарынды балалар «Самбо» және «Джайф» би нөмірлерін ұсынды, өнерлерін көрсетті.

Жаңалықпен бөлісіңіз