Жаңалықтар

«Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол…»

Бүгін музейімізде Әсет ақынның есімі балабақша бүлдіршіндері арасында ұлықталды. Аудандық балабақша бүлдіршіндеріне арналған «Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол…» тақырыбында Әсет оқуларының сайысы өтті.
Сайысқа ауданымыздың әр округінен келген 3-5 жас аралығындағы 32 бүлдіршін қатысты.
Бүлдіршіндер бекітілген ережеге сай ақынның кез келген шығармаларын жатқа айтып, өзге де ақын тұлғалардың ішінен Әсет ақынның портретін тауып, ақынға сипаттама берді және ақын бойына дарыған қасиеттерін атап, көрсетілген ұяшықтарға орналастыру арқылы өз өнерлерін айшықтап, ақын жайлы білімдерін ұштады.
Әсет оқуларын ұйымдастырудағы мақсат балабақша бүлдіршіндерінің бойында отансүйгіш сезімін ояту, елінің белгілі тұлғаларына деген құрметін арттыру, белсенді шығармашылық қызметке тарту арқылы ақынның өмірі мен өнерін дәріптеу.
Сайыс соңында қазылар алқасы көрсетілген критерийлер бойынша жеңімпаздарды анықтап, музей қызметкерлері жеңімпаздарды I; II; III дәрежелі облыстық дипломмен марапаттап, арнайы сыйлықтар берді. Сайыстың қалған үміткерлеріне де ынталандыру сыйлықтары таратылды.
«Үздік бүлдіршін» номинациясымен І орынға ие болған — Мұратова Айсана
«Дарынды бүлдіршін» номинациясымен ІІ орынға ие болған — Бейсенғажы Ханшайым
«Талантты бүлдіршін» номинациясымен ІІІ орынға ие болған — Серікқажы Айгерім
Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!!!

Жаңалықпен бөлісіңіз