Жаңалықтар

«Шыңғыстаудың бір шыңы» көрмесі ашылды

Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік музей — қорығында ақын, сазгер Шәкір Әбенұлына арналған «Шыңғыстаудың бір шыңы» көрмесі ашылды.
Көрменің ашылуында Абай музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева алғы сөзімен ашып, Шәкәрім университетінің ф.ғ.к, профессор А.Қадыров ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, М.Дүйсенбай, С.Шәкірқызы, З.Кәменқызы, О. Шәріпбаев, Ш.Әбенұлына қатысты ойларын ортаға салды.
Көрмеге Ш.Әбенұлының өмір жолын, шығармашылығын баяндайтын музей қорындағы түпнұсқа қолжазбалары, ақынның қызы Сана Шәкірқызы тапсырған бірегей экспонаттар, үнтаспалары, әр жылдарда жарық көрген өлеңдері мен әндері, дастандары мен әңгімелерінің басылымдары, ғылыми — танымдық бағыттағы кітаптар мен фотосуреттері көрермен назарына ұсынылды.
Көрмеге Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, студенттер қатысты.
Көрмені Семей қаласының тұрғындары мен музей қонақтары бір ай бойы тамашалай алады.

Жаңалықпен бөлісіңіз