«Шәкәрім даналығы» Аймақтық білім сайысы
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 20 ақпан күні қазақ әдебиетінің кемеңгер ақыны, Абайдың ақындық мектебінің талантты шәкірті әрі немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім даналығы» атты аймақтық білім сайысы өтті.
Дәстүрге айналған «Шәкәрім даналығы» білім сайысының мақсаты Шәкәрім ақынның өмірін, оның әдеби мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І-орын Қайырбек Даяна Шәкәрім атындағы №5 гимназия
ІІ-орын Сұлтан Алмас № 42 мектеп
ІІ-орын Маулютчарипова Балнұр «Жас Абай» мектебі
ІІІ-орын Сембаева Нұрайым № 16 мектеп
ІІІ-орын Кабылашимова Айым № 35 мектеп
ІІІ-орын Аянқызы Айша №15 мектеп
Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.










