Жаңалықтар

«Шәкәрім даналығы» аймақтық білім сайысы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 28 қаңтар күні қазақ әдебиетінің кемеңгер ақыны, Абайдың ақындық мектебінің талантты шәкірті әрі немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім даналығы» атты аймақтық білім сайысы өтті.

Дәстүрге айналған «Шәкәрім даналығы» білім сайысының мақсаты Шәкәрім ақынның өмірін, оның әдеби мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І-орын Берікқанқызы Әдемі №12 мектеп

ІІ-орын Дулатова Махфузе № 47 мектеп

ІІ-орын Сұлтан Алмас № 42 мектеп

ІІІ-орын Биқатаева Диана № 15 мектеп

ІІІ-орын Кабылашимова Айым № 35 мектеп

ІІІ-орын Бахытбекова Еркенұр Приречный мектебі

Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жаңалықпен бөлісіңіз