«Шәкәрім — Абайдың дарынды шәкірті»
Бүгін 11 шілде Абайдан кейінгі ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілі, ойшыл ақын, жазушы, философ, тарихшы, сан қырлы талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай кітап Осыған сәйкес Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік тарихи — мәдени және әдеби — мемориалдық музей — қорығында «Шәкәрім — Абайдың дарынды шәкірті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шәкәрімнің артында қалған мол мұра: даналық пен даралыққа, ақыл мен насихатқа толы өлеңдері, тарихи және ғашықтық эпикалық шығармалары, тәрбиелік маңызы аса жоғары қара сөздері тек бір ғана ұлттың жетістігі емес, әлемдік әдебиет пен мәдениеттің орасан зор жемістері. Ал, ойшылдық, философиялық даралығын танытар «Үш анығы», ислам дінінің ғибадаттық мәнін, салт — сана, этикалық мінез — құлық, адамгершілік қағидаларын және ұждан, діни нанымды айқындар «Мұсылмандық шарты», тек қазақ халқының даму тарихы емес, түркі елінің шежіресі болған «Түрік, қырғыз — қазақ һәм хандар шежіресі» Шәкәрім Құдайбердіұлының сан қырлылығын танытары сөзсіз.
Музейге келуші қонақтардың назарына ұсынылған аталған құнды еңбектерден өзге көрмеде бірегей тұлғаның өмір жолы, әдеби мұрасы жайлы бірқатар деректер мен жинақтар, шәкәрімтануға қатысты жарық көрген еңбектер қамтылды.
Көрме Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығын тереңдеп тануға қызыққан зерттеушілер мен әдебиеттанушыларға және жалпы қалың оқырмандарға арналады.