Жаңалықтар

Республика күніне арналған кітап көрмесі

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мерекеке. 25 қазан ұлттық мереке Республика күні деп белгіленді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор» — деген еді.
Ұйымдастырылған кітап көрмесіне Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, еліміздің ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы кітаптар қойылды.
Аталған көрмені қала тұрғындары мен қала қонақтары тамашалады.

Жаңалықпен бөлісіңіз