Озерки жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларына «Абай музейіндегі музыкалық аспаптар» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 24 ақпан күні Озерки жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларына «Абай музейіндегі музыкалық аспаптар» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты: Оқушыларға Абай музейіндегі музыкалық аспаптар арқылы қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетін, музей экспозициясындағы музыкалық аспаптармен таныстыру. Домбыра, қобыз, сыбызғы т.б. музыкалық аспаптардың тарихи және мәдени маңыздылығын түсіндіру. Абай Құнанбайұлының музыка өнеріне қосқан үлесін талдау.








