Жаңалықтар

Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» Мәдени танымдық шара

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты мәдени танымдық шара ұйымдастырды.

Кеш тақырыбының өзегі – Ұлы Отан соғысына қатысқан Абай Құнанбайұлының ұрпақтары.

Ұлы Отан соғысының шежіресіне Семейлік жауынгерлер де үн қосты.Сол аяулы азаматтардың бір тобы – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ұрпақтары. Олар Отанды зұлым жаудан қорғап,қан майданда ерлік көрсетті,көбі туған елге қайтып оралмады. Жалпы алғанда Абай ұрпақтарынан соғысқа 9 адам қатысқан. Олар: Мағауия немерелері –Ишағы, Берекехан мен Жошыхан, Ақылбай немересі – Ғабдісләм мен Әлихан, Мекайіл немересі – Ғұзайыр мен Әлішер, Ізкәйіл ұлы – Тоқташ, Тұрағұл немересі – Алпаш. Олардың екеуі Алпаш пен Ишағы Жағыпарқызы Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралған.

Мәдени-танымдық кеш Абай музейінің директоры Ұ.Сағадиевтің алғы сөзімен ашылды.

Кеште Отан соғысына қатысқан Абай ұрпақтары жайлы бейнебаян көрсетіліп және осы тақырыпқа арнайы дайындалған  көрме таныстырылымы өтті.

Шараға Шәкәрім атындағы университеттің студенттері мен Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысып, өнерлерін ортаға салды

Жаңалықпен бөлісіңіз