Жаңалықтар

«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абай Құнанбайұлының рухани қазынасы және мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абай Құнанбайұлының рухани қазынасы және мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты:

  • «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру;
  • Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру;
  • Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу;
  • Музей мен білім беру мекемелерінің арасындағы тарихи-мәдени, ғылыми ынтымақтастық орнату, білім беру мекемелері ұстаздарымен жұмыс жасау.

Семинар жұмысына Абай облысы білім басқармасының өкілдері, Семей, Аягөз қалаларымен Абай, Ақсуат, Үржар, Жарма аудандарының мектеп ұстаздары және музей қызметкерлері қатысты.

Жаңалықпен бөлісіңіз