«Музей түні» шарасы аясында жастар алаңында «Білімдіден шыққан сөз» атты квиз ойыны өтті.
Абайдың Жидебай — Бөрілі мемлекеттік музей-қорығында «Музей түні» шарасы аясында жастар алаңында «Білімдіден шыққан сөз» атты квиз ойыны өтті. Ойынға студенттерден құралған 4 команда қатысты. Командалар әртүрлі бағыттағы үш кезеңнің сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар мен жеңімпаздарға «Елімай» футбол клубының ойынына билеттер табысталды.