Жаңалықтар

«Музей түні» мәдени шарасының аясында «Құнанбай» фильміндегі Зере әженің рөлін сомдаған Салықова Нұрсипат Рақымбайқызымен кездесу ұйымдастырды.

Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні» мәдени шарасының аясында кино және театр өнерінің саңлағы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Құнанбай» фильміндегі Зере әженің рөлін сомдаған Салықова Нұрсипат Рақымбайқызымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде Нұрсипат Рақымбайқызының өмірі, шығармашылығы өнер жолы жайлы сұрақтар қойылып, «Құнанбай» фильмінен үзінді көрсетілді.
Кездесуге музей меймандары, студенттер қатысты.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз