Жаңалықтар

МУЗЕЙ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

ҚР Мәдениет және ақпарат  министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының 85 жылдық мерейтойы аясында 22 қазан күні «Музей тарихындағы тұлғалар» ескерткіш тақталары ашылды.

Абай кеңістігіне, ақын әлеміне қауыштыратын ұлық орда Абай музейінде Әрхам Ысқақов, Қайым Мұхамедханұлы, Борис Аккерман Абай музейіне зор үлес қосқан зерттеуші-ғалымдар.

Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап Ахат Шәкәрімұлы, Арғынғазы Қайсақанов, Ниязбек Алдажаров, Мұздыбай Бейсенбаев, Кашаф Туғанбаев, Төкен Ибрагимов, Бекен Исабаев, Ғизат Күзембаев, Оразбек Бекбосынов, Майкен Жүнісова сынды абайтану саласына еңбек сіңірген тұлғалардың ізі сайрап жатыр.

«Музей тарихындағы тұлғалар» ескерткіш тақтасын филология ғылымдарының докторы,  профессор Еспенбетов Арап Сләмұлы, Абай елінің ардақты ақсақалы Молдабек Жанболатов, Ниязбек Алдажаровтың қызы Сәуле Алдажарова, Әрхам Кәкітайұлының жиені Рымбек Байзақов, Абай музейінің ардагер қызметкері Мұхамедова Маржан Біржанқызы, Абай музейінің директоры Ұлан Болатұлы және Абай облыс мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан ашты.

Ескерткіштің ашылуында сөз алған музей басшысы Абай музейінің іргетасын қалаудан бастап өрісін өркендетіп, тынысын ашқан қаншама тау тұлғалардың тағылымын насихаттау басты міндет екенін атап өтті. Шарада бас қосқан абайтанушылар мен зерттеуші-ғалымдардың ұрпақтары музей ісін дамытуға үлес қосқан жандардың ұлықталып жатқанына алғыстарын білдірді

Жаңалықпен бөлісіңіз