Музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру дәрісі өтті
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының басшылығы музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды басты назарда ұстайды. Музейдің ғылыми қызметкері өз қызметін нәтижелі атқару үшін, кәсіби дамуы үшін заман талабына сай білімін көтеруі және музейге келген жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету де маңызды.
Музейде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстар барысында «Академиялық жазба» тақырыбы өзекті болғандықтан, музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Шәкәрім университетімен өзара шығармашылық ынтымақтастық меморандум аясында филология ғылымдарының PhD докторы, әдебиеттанушы ғалым Қарлығаш Әділханқызы Әубәкір шақырылып, «Академиялық жазба» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында Қ.Әубәкір «Академиялық жазба» мәселелері, ғылыми мақала жазу, ғылыми мақала құрылымы, академиялық этика мәселелеріне жан-жақты тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті. Осындай музей қызметкерінің шеберлігін арттыратын дәрістер жалғасын табатын болады.