МУЗЕЙ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының 85 жылдық мерейтойы аясында Абай мұрасын насихаттауда елеулі еңбек етіп жүрген музей мамандары марапатталды.
Абай музейінің дамуы мен өркендеуі жолындағы табысты қызметі үшін алдымен музей саласының ардагерлері ардақталып, музей директоры зор алғысын білдірді.
Ел руханиятының өрісін ашып, өңірдің өнерін өрістетіп жүрген мухей қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Сыдықовтың «Құрмет грамотасымен», ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Е.Дакеновтың «Алғыс хатымен», Абай облысы әкімі Б.Уәлиұлының «Алғыс хатымен», Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ж.Омарханның «Алғыс хатымен», Семей қаласының әкімі Ә.Қожанбаевтың «Алғыс хатымен», Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы М.Бахатованың «Алғыс хатымен», Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиевтың «Алғыс хатымен» марапатталады.
Бұған қоса, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы төрағысы С.Иманқұлованың «Кәсіподақ ардагері», «Еңбек даңқы» және «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен саналы ғұмырын Абай музейіне арнаған М.Мұхамедова, Н.Өмірбекова, Ж.Байгаскина марапатталады.
Сонымен бірге, Абай музейінің 85 жылдық мерейтойына Абай атындағы облыстық театр директоры А.Бахтинов, Абай облыстық инновациялық-әдістемелік орталық басшысы А.Исабаеваның құттықтауы жеткізілді.
Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейнің директоры Қ.Сабырбай мен Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Бахатова арнайы келіп құттықтады. Қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі атынан музейге техникалық қондырғы табыс етілді.








