Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақтың рухын оятқан тұлға» атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, ақын, жазушы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына
140 жыл толуына орай «Қазақтың рухын оятқан тұлға» атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Міржақып Дулатов 1885 жылы 21 қарашада Торғай облысында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылса да, білім алып, ауыл мұғалімі атанды. Ол Ахмет Байтұрсынов сабақ берген қазақ-орыс училищесінде оқыды. Саяси қызметін 1905 жылы бастап, Омбыда А. Байтұрсыновпен және Ә. Бөкейхановпен кездесті.
1909 жылы Қазан қаласында оның «Оян, қазақ!» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Алайда кітаптың бүкіл таралымы жойылып, авторы қуғынға ұшырады. Дулатов қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаған, ұлттық бірегейлік, білім және бостандық мәселелерін көтерген алғашқы қазақ ақын-жазушыларының бірі.
Аталған көрмеде қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойдың дамуына зор үлес қосқан автордың еңбектері, мақалалары мен суреттері, материалдар қойылды.
Кітап көрмесін музейге келген қала тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.









