ХV «Абайды оқы, таңырқа…» Білім сайысы өткізілді
2025 жылдың 18 сәуір күні Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік музей — қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысын өткізді.
Аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Білім сайысы Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік музей — қорығының директоры Ұ.Сағадиевтің құттықтау сөзімен ашылды.
Сайыстың қазылар алқасының құрамында Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік музей — қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінің меңгерушісі, жазушы Қ.Қиықбай және Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Орынғожина болды.
Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша:
Бірінші орынды №45 мектеп оқушысы Қ.Серікқали, екінші орынды Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді мектеп гимназиясының оқушысы А.Алибекова, №4 мектеп оқушысы Э.Төлеуғазы, үшінші орынды №30 мектеп оқушысы Ә.Муратбекова, №32 мектеп оқушысы П.Тлеуберген және №35 мектеп оқушысы Б.Бітімғазы иеленді.
Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.