Жаңалықтар

Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» шарасында пазл жинаудан сайыс өтті.

Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік музей — қорығында 18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» шарасында пазл жинаудан сайыс өтті. Сайысқа қатысқан «Шәкәрім университеті» студенттері және Семей қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқушылары музей алаңында пазлдан Абай бейнесін құрастырды.
Сайысқа қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз