«ЕРІКТІ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» БІЛІМ САЙЫСЫ
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған колледж студенттері арасында «Ерікті елім – Қазақстаным!» атты білім сайысын ұйымдастырды.
Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Электротехникалық колледжінің» студенті Е.Бабаханов, І орынды «Геологиялық барлау колледжінің» студенті Ә.Сүлейменова, ІІ орынды «Семей жоғары медициналық колледжінің» студенті Т.Сүндетбек, ІІІ орынды «Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» студенті Д.Раимбекова және ынталандыру сыйлықтарымен «Бизнес және сервис жоғары колледжінің» студенті Е.Серікбай мен «Қайнар» жоғары колледж» студенті Б.Кәкімқызы иеленді. Білім сайысының жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.












