Жаңалықтар

«Елден сәлем!»

Жыл басы — Наурыз мерекесінің қарсаңында 14 наурыз — Көрісу күні мен «Елден сәлем!» фестивалі аясында аудандар арасындағы рухани және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Абай облысының мәслихат депутаты Ж.Оразғалиев, Ақсуат аудандық мәслихатының хатшысы Қ.Қасенов, Ақсуат ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Айтқалиев, елден шыққан белгілі кәсіпкер Е.Нұрланов және өнертанушы, ҚР Мәдениет қайраткері С.Малаев Кәмен Оразалиннің музей-үйінде болды.

Құрметті қонақтарды жазушы музейіне Абай ауданының мәслихат хатшысы М.Нұрсұлтанұлы бастап келді. Музей-үйін кеңінен аралап, тамашалаған құрметті қонақтар туған халқына қалдырған жазушының мол мұрасымен еркін танысып, рухани байлыққа кенелді. Әсересе, жазушының оқушы кезіндегі сабақ дәптерлеріне, маржандай жазуына, ұқыптылық қасиеттеріне де таңданыстарын білдірді. Музей меңгерушісі Е.Оразалы өңіраралық рухани және мәдени айланыстарды нығайтудағы игілікті істері үшін музей қонақтарына алғыс білдіріп, сый құрмет көрсетті. Соңынан музей қонақтары пікір кітапқа:

«Құрметті Кәмен Оразалин музей-үйінің ұжымына! Біздер Ақсуат ауданынан «Елден сәлем!» Абай облысы басшылығымен ұйымдастырылған бағдарламаға қатысушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз», деп, ізгі лебіздерін жазып қалдырды.

Жаңалықпен бөлісіңіз