«Домбыра – қазағымның қазынасы» көрмесі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 26 маусым Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – қазағымның қазынасы» атты көрме ұйымдастырылды.
Домбыра аспабының қазақ халқының руханиятында алар орны ерекше. Қазақ домбырасының түп тамыры көне замандардан бастау алады. Көне түрік дәуірінен бері талай ғасырлардың талқысынан өтіп, ұрпақтан-ұрпақққа аманат болып жалғасып жеткен домбыра – қазақ халқының баға жетпес ұлттық рухани құндылықтарының бірі болып саналады.
Көрмеге А.Құнанбайұлының тұмар домбырасы, Ш.Әбенұлының, А.Шәкәрімұлының, М.Ешекеевтің, Б.Сыбановтың, А.Ахметжановтың, Н.Иманбаевтың, С.Назарханның және Абай музейінің 50 жылдығына арнайы жасалған Керекудегі Әдебиет және өнер музейінің, Қазақконцерт ұйымының сыйға берілген домбыралары мен Абайдың музыкалық мұрасы, музыкалық аспаптарға қатысты ғалымдардың кітаптары қойылды.