Жаңалықтар

Баспасөз баяны

18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекетті музей-қорығында «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында мәдени-көпшілік шарасы өтеді.
Шара аясында музей қонақтары «Музей түні» шарасының салтанатты ашылу рәсімін, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерттік бағдарламасын, жазушы Кәмен Оразалиннің 105 жылдығына арналған «Абай өнегесін үлгі еткен қаламгер», суретші Е.Сидоркиннің 95 жылдығына орай «Е.Сидоркин шығармашылығындағы Абай әлемі» көрмелерін тамашалай алады.
Бұған қоса қала тұрғындары мен қала қонақтары балаларға арналған «Бүлдіршіндер әлемі» алаңын және қолөнершілер қалашығын тамашалап, музей алаңында пазл жинау, «Жастар» алаңында «Білімдіден шыққан сөз…» квиз ойынына, «Құнанбай» фильмінде Зере әженің рөлін сомдаған Салықова Нұрсипат Рақымбайқызымен кездесуге, Жазушы Айгерім Қиықбайдың «Ағамның ақ ұшағы» кітабының тұсаукесеріне қатыса алады.

Жаңалықпен бөлісіңіз