«АЛЕЛ» ҚАРЖЫ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ ЖИДЕБАЙ ҚОРЫҒЫНА АРНАЙЫ ТЕХНИКА ТАБЫСТАДЫ
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы демеушілігімен Жидебай қорығына арнайы техника табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.
Шара аясында Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясына ұлы ақын музейіне көрсетілген демеушілікке үлкен алғыс білдіріп, корпорация өкілі А.Бурмистровты «Абай» медалімен марапаттап, сый көрсетті. Және осы демеушілік көмектің Абай облысының прокуратурасының үйлестіруімен жүзеге асқанын атап айтты.
Сонымен қатар ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор З.Тоқаев осы жасалған істің ұлы ақын мұрасына шынайы қамқорлық екенін айтып, зор ризашылығын білдірді.
Корпорация өкілі А.Бурмистров та сөз алып: «Абай – әлемдік тұлға оның мұрасына бас иемін. Абай музейімен біздің байланысымыз әлі де жалғасын табады және әрдайым қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді».










