«Алаш арыстары — Мұхтар Әуезов» музейінде танымдық экскурсия өткізілді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімі «Алаш арыстары — Мұхтар Әуезов» музейінде Абай облысы «Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қызмет алушыларына арналған танымдық экскурсия өткізілді.
Танымдық шарада музей меңгерушісі Қ.Қиықбай тарихи тұлғалардың ізі қалған мекен мен Алаш қайраткерлеріне қатысты мағлұмат ұсынды.





