«Әуезов әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімі Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінің аға ғылыми қызметкері Г.Тәңірберген Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия гуманитарлық институты және М.Дулатов атындағы №68 мектеп-гимназиясында жазушы М.Әуезовтің 125 жылдығына орай «Әуезов әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Кемеңгер жазушының шығармалары мен ата-тегі шежіресімен таныстыру мақсатында өткен көрмеге ұстаздар, студенттер мен оқушылар қатысты.
Білім ордаларының басшылығы музей ұжымына алғыстарын білдіріп, кейінгі жас ұрпақтардың санасына Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұраларын насихаттаудағы еңбектеріне табыс тіледі.