«Әсеттің ақындық әлемі»
Қарабұта орта мектеп оқушыларына Ә.Найманбайұлы музейінің қызметкерлері «Әсеттің ақындық әлемі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте қазақ халқының мәдениетіне өзіндік қайталанбас үлес қосқан саңлақ ақынның өмір жолы, сан қырлы шығармашылық еңбектері мен жүрген ортасы жайлы мәліметтер айтылды. Сонымен қатар Әсет ақынның есімін ұлықтап, дәстүрін жалғастырған тұлғалар туралы дәріптеліп, ақынның халыққа кеңірек тараған бірқатар әндерінің шығу тарихына тоқталды.
Дәріс соңында оқушыларға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.