Жаңалықтар

«Әсет мұрасы-халық қазынасы»

Келдімұрат жұртшылығы мен А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушыларына «Әсет мұрасы-халық қазынасы» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.

Музей қызметкерлері көрме барысында ақынның есімін ұлықтап, мұрасын жас ұрпақ назарына ұсынды. Әсет ақынның бойына дарыған қасиеттері мен айтыс-қиссалары, ән-жырларының  шығу тарихы баяндалды.

Ақын мұрасына қызығушылық танытқан келушілерге көрме соңында квест ойыны ойнатылды.

Жаңалықпен бөлісіңіз