Жаңалықтар

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығына Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Сеитова Күміс Қарсақбайқызы бастаған ұжым өкілдері арнайы келіп, музейдің тыныс-тіршілігімен танысты.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығына Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Сеитова Күміс Қарсақбайқызы бастаған ұжым өкілдері арнайы келіп, музейдің тыныс-тіршілігімен танысты. Астанадан келген делегация Абай Құнанбайұлының 180-жылдығы аясында жарық көрген ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, педагог-зерттеуші Гүлмира Әбілмәжінқызының «Ұрпаққа ұлағат» атты жаңа кітабының әлемнің тоғыз тіліне аударылған топтамасын сыйға тартты.
Ұлттық академиялық кітапхананың ұжымына үлкен алғыс білдіреміз. Оқырман жүрегінен орын алатын кітаптарыңыз көп болсын! Жұмыстарыңызға береке, сәттілік және мол табыс тілейміз

Жаңалықпен бөлісіңіз