Жаңалықтар

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы мен Семей қаласындағы №45 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Абай сөзі ұрпаққа үлгі» тақырыбында дәріс өткізілді.

Ғылыми-танымдық шара аясында «Алаш арыстары — Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қ.Қиықбай Абайдың қарасөздері, ақынға әсер еткен орта мен ойшылдың тағылымын тыңдап, тәлімін жалғаған өнер ортасы туралы мағлұмат берді.

Өз кезегінде мектеп оқушылары музей қызметкеріне хакім Абайға қатысты сұрақтарын қойып, қызықты мәліметтерге қанықты.


Жаңалықпен бөлісіңіз